Атырау, 5 желтоқсан 07:14
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау әуежайы катарлық компанияның сенімгерлік басқаруына берілді

366 рет қаралды

29 қыркүйекте Атырау облысының әкімдігі Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайды QazAir Investments (Катар) компаниясының сенімгерлік басқаруына беру туралы келісімге қол қойылғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін QazAir Investments әуежай операторының акцияларының 100%-ын бұрынғы иелерінен – "Атырау" ӘКК және түрік Mağdenli компаниясынан ( "АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдары" ЖШС арқылы) сатып алған болатын. Келісім сомасы 20,94 миллион долларды құрады.

Әкімдіктің мәліметінше, инвестор нысанды жаңғыртуға және жаңа жолаушылар терминалын салуға шамамен 50 миллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Жұмыстарды биыл жылдың соңына дейін бастап кетіп, 2026 жылы аяқтау көзделіп отыр.

Осылайша, жақында ғана мемлекет балансында болған стратегиялық нысан енді толығымен шетелдік жеке компанияның бақылауына өтті.

Айнұр САПАРОВА

3 қазан, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.