
Кейінгі кезде әлеуметтік желіде және өңір тұрғындары арасында Атырау облысында атом электр станциясының салынуы мүмкін деген қауесет тарап жатыр. Олай деуге өңірдің мұнай мен газ өндірудің арқасында елдің энергетикалық орталығы болып саналатыны себеп болды.
Алайда Атырау облысында АЭС салынатыны туралы ресми ақпарат жоқ.
Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев бүгін жаңа атом электр станциялары Алматы облысының Жамбыл ауданында және Маңғыстау облысында салынуы мүмкін екенін мәлімдеді.
- Алматы облысында жоба Үлкен ауылында ірі реакторы бар алаңды, сондай-ақ тағы бір станцияның салынуын көздейді. Маңғыстауда шағын және орташа қуатты реакторларды орналастыру нұсқасы қарастырылып жатыр, - деп мәлімдеді ол.
Осылайша, Атырауда атом станциясының құрылысы туралы әңгіме әзірге расталмады.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +3