ZHASALASH.KZ. «Тергеу әдiлетсiз жүрiп жатыр» - Сiздердiң газет үшiн “Бәрiнен де ақиқат қымбат!” екенiн ел бiледi, сондықтан осы оқиғаға қатысты белгiсiз жайттар, күдiктi мәнiс-мәселелердi қозғау үшiн арнайы хат жазып отырмын. Алдымен өзiмдi таныстырайын. Мен – Керимова Ұлбосынмын. Ағайынды Рысқалиевтерге қатысты қылмыстық iс бойынша айыпталып, қазiр абақтыда отырған, Атырау қаласының бұрынғы әкiмi, 33 жастағы Керимов Асқар Абайұлының анасымын. Баламның қамауда отырғанына 1 жыл болды.
«Габриэль Лански ҰҚК-нiң жансызы ма?» - “Нұрбанктiң” жазым болған менеджерлерiнiң жесiрлерi “Тағдыр” деген ұйым құрып, Әлиевтен жәбiр көргендерге көмектеспекшi болғанын бұрын да жазғанбыз. “Тағдырды” қаржыландыратын ҰҚК екен” деген де әңгiме шыққан. Ақыры бұл әңгiме Еуропаға дейiн жетiп, өткен аптада Габриэль Ланскидiң басы дауға қалды.
«Ресей “Протон” ұшыруды кейiнге шегердi» - “Роскосмос” 17 қыркүйекке жоспарланған “Протон-М” зымыран тасығышын ұшыруды кейiнге шегердi. Бiрақ нақты қай күнге дейiн екенiн айтпай отыр. Қазақстандық тараптың алғашқы кездегi “апат салдары жойылмайынша, ешқандай зымыран ұшырылмасын” деген мәймөңке талабына құлақ асқандай түр көрсеткенi болса керек.
«Айранды iшкендер емес, шелектi жалағандар тұтылғандай» - Ұлттық халық санағының дұрыс жүргiзiлмегенiне тек Мешiмбаева кiнәлi ме?
«Отпен ойнаған кiм?» - Саудагерлер өрттiң жиiлеуiне де күдiкпен қарайды. Жаңа сауда орындарын ашқандар халықты сол жаққа апару үшiн қара базарды құрбандыққа шалды деп есептейдi. Бұл – өте қауiптi құбылыс. Халықтың күдiгi терiске шыққанның өзiнде Алматы қаласының басшылары бұл мәселенi “өгiздi де өлтiрмей, арбаны да сындырмай” шешуi тиiс. Өйткенi саудагердiң тауары ғана емес, жаны да күйiп отыр қазiр.
SERKE.ORG. «Ахметов үкіметіне бір жыл толды. Халыққа қандай жақсылық болды?» - Қыркүйек айында Серік Ахметовтың басшылығындағы министрлер кабинетінің жұмыс істей бастағанына бір жыл толады. Осы аралықта үкімет несімен халық есінде қалды?
AIKYN.KZ «Мемлекетшілдік пен отаншылдықтың алғышарты – имандылық» -Сарапшылар қауымына кейде айналада болып жатқан құбылыстар мен процестерге жаһандық, ауқымды көзқарас, ойлау жетіспей жатады. Жас мемлекет болғаннан кейін бе, әлде қаншама жыл отарлық езгіде болғасын ба, әйтеуір амбиция ғана емес, бір кең ауқымды көзқарас жетіспейтіні рас.
«Командалық «көші-қон» тоқтатылды» - Қашаннан бері жиі-жиі көтерілетін министрлер мен облыс әкімдерінің командасымен көшіп жүруі тоқтатылды. Сірә, енді «бір кісі таққа отырса, қырық кісі атқа қонады» дейтін қазақы тәмсілдің де өзгеретін кезі келген секілді.
AZATTYQ.ORG. «Қазақстан мен Қытай топтық туризм жайын талқылап жатыр» - Қазақстан Қытаймен арада топтық туристер визасына қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.
«Нәрестені қоқыс жәшігіне тастатпау амалдары» - Қазақстанда жас әйелдердің нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кетуі жиілеп барады. Мұндай фактілерді азайту үшін заңды қатайту керек пе, әлде Еуропада Baby Box аталған арнайы қорап орнату қажет пе?
MASA.KZ. «Қазақстанда 2018 жылы маусымдық сұраныстан тыс электр энергиясы экспортқа шығады» - «Самұрық-Энерго» АҚ 2022 жылға дейінгі жаңа даму стратегиясын қабылдады. Компания еуразиялық мәндегі электр-энергиялық холдингке айналып, 2018 жылдан маусымдық сұраныстан тыс электр энергиясының экспортына шығуды көздеуде.
«Қайрат Нұртас кешірім сұрағысы келеді» - «Біз өтінішімізді білдірдік, енді жауап күтеміз. Оқиға Алматыда болып, ыңғайсыз жағдай туғандықтан қала әкімінен кешірім сұрауды жөн санадық», - дейді арт-директор.
MAIDAN.KZ. «Мәселе – Кәрім әкәдә...» - Шамасы, біздің биліктің өз ішінде де орайы келсе, оңдырмайтын оппозиция бар сияқты. Әрине, ол оппозиция кәдімгі оппозицияға қарағанда, бұғып жатып, бұрқ еткізетін, бұрқ еткізіп ап, тойған мысықтай тымпиып жататын оппозиция болса керек.
HALYKSOZI.KZ. «Төрағаның қай сөзіне сенеміз?» - БАҚ-та өткен жылы оқушылардың 80 пайызы дене шынықтыру бойынша Президент тестін тапсыра алмады деген мәлімет жылт етті. Жиырма, отыз, тіпті елу де емес, мектеп оқушыларының бәрі ауру, науқас деген сөз ғой бұл!
«Мемлекеттік тілдің мәселесі «мұрын бұзған шырыннан» да маңызды» - Әуежай ғимаратының төріндеге кафенің жардай қабырғасы кешегі күннен ескерткішке қалғандай әсер берді. Қабырғадағы бүкіл жазу атаулы түгел орыс және ағылшын тілінде ғана жазулы тұр. «Енді осыны түзеу үшін де біреу «ішіп» келіп айқай шығаруы керек пе?» деп ойладық.