TURKYSTAN.KZ. «Қытайдың орта азиядағы мүддесі. Бейжің басшылары көздегенін алып жүр» - Қытайдың жаңа сайланған төрағасы Си Цзиньпин посткеңестік мемлекеттерге жорығын бастады. Ол қыркүйектің 3-13-і аралығында Ресей Федерациясынан бастап, Орталық Азиядағы ірі мемлекеттер – Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшыларының арнайы шақыруымен ресми сапарын аяқтады.
MASA.KZ. «Бақытжан Жұмағұловтың басына бұлт үйіру кімге керек болды?» - Жұмағұловқа дейін аты бар да заты жоқ, әншейін ақша жасаудың айналасында қалған университет, колледждерден аяқ алып жүре алмай қалған едік. Соның барлығын қысқартатынын қысқартып, жабатынын жауып, еліміздегі жоғарғы және төменгі білім саласының жұмысын жолға қойып келе жатқанда мына тірлік – еңбекқор ерді екпетінен құлатудың қайталанбас озық үлгісі болды.
AZATTYQ.ORG. «Геосаясат Қытай үшін Қашағанға жол ашты» - Қазақстандық экономист «Қашаған» жобасындағы үлесті көпвекторлы саясат ұстану үшін Қытайдан басқа елге сату керек еді деп санайды. Саясаттанушылар бұны геосаяси жағдайдың нәтижесі деп қабылдайды.
«Орталық Азияда қытай тіліне сұраныс артты» - Қазақстан мен Өзбекстанда қытай тілін үйренушілер саны артып, университеттерде - мамандық, мектептерде факультативтік сабақтар жаппай ашыла бастаған.
«Ауғанстанды «күзетуге» ШЫҰ-ның шамасы жете ме?» - Қыркүйектің 13-і күні ШЫҰ саммитінде Ауғанстан және аймақтағы қауіпсіздік мәселесі талқыланады. Сарапшылар ұйымның қауіпсіздікті қамтамасыз ететініне күмән келтірді.
HALYKSOZI.KZ. «Мешімбаеваның тағдыры қазанда шешіледі» - Мешімбаеваның тергеу изоляторында қанша уақыт болатыны әзірге белгісіз. Атышулы экс-төрайымның ісіне қатысты түсініктеме берген прокуратура өкілдері «765 млн. теңгенің басына су құйды» деп айыпталып отырған қашқын ханымның ісіне қатысты алғашқы сот процесі алдағы қазан айына жоспарланып отырғанын мәлім етті. Оған дейін тергеушілер істі қайта қарап шығуы тиіс. Оның биік лауазымда отырған кезінде қандай қателіктер жібергені, не ішіп, не жегені, қайда тұрғанына дейін тексерілмек.
AIKYN.KZ. «Дәріден шыққан дау» - Еліміздің фармокология саласында дау шықты. Отандық дәрі-дәрмек өндірушілердің бірі өздері шығарған өте күшті дәріні адамдарға сынақ жасап, заңды бұза отырып Денсаулық сақтау министрлігіне тіркеткені үшін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғамақшы.
ABAI.KZ. «Келешек ұрпақ қытайға қарыздар болып қалмай ма?» - Өткен аптада біздің биліктің көпвекторлы саясатына қатысы бар екі оқиға болды: Ресейдің Сан-Петербор қаласында G-20 елдері басшыларының саммиті өтті; Қазақстанға ҚХР төрағасы Ши Жин Пиң ресми сапармен келіп кетті. Екеуі де өз күнін өзі көріп жүрген қара халықты аса қыңқ еткізбейтін жоғарғы саясаттың шаруасы болса да, елдің ертеңіне, болашақтың бағдарына тікелей қатысы бар оқиға екені даусыз.
«Дәстірлі дінімізді тәркі еткен теріс ағым» - Жалпы исламда 73 бағыт бар екен. Білгіштер «бұлар бір-бірін мойындамайды» дейді. Құдай біледі, дінге ерік берілгелі бері осы 73 бағыттың бәрі елімізге кіріп бітті-ау деймін. Ұлттық дәстүрлер түгілі төрт мәзһабты да мойындамайтындар – аталған 73 бағыттың қайсысын ұстанатынын кім білген, әйтеуір, соларға жанап жүріп байқағаным, қазақ дәстүріне жау бір топтағы сақалды екінші топтағы өзі сықылды сақалдының ұстанымын мойындамайды.
«Тарих ғылымын жайлаған коррупция. Ол қайда барады?» - Тарих ғылымының кейбір маңызды мәселелерінің ақиқаттан алшақтауы, лауазым иелерінің ғылымға көлеңкелі жолдармен ықпал етіп, өз қалауынша билеп-төстеуі, олардың сыбайластыққа жол берген әрекеттері, бүкіл қоғамға зиянды вирус болып таралуда.
MAIDAN.KZ. «Мемлекеттік тілді үйреніп болған сияқтымыз» - Орыс сыныптарында қазақ тілі пәнін оқыту 2 сағатқа қысқартылды. Нақтырақ айтсақ, өткен оқу жылында 5 – 11 сынып аралығындағы қазақ тілі пәні 5 сағаттан болса, биылдан бастап оқушылар мемлекеттік тілді аптасына 3 сағат оқымақ.
JASQAZAQ.KZ. «Жетімді жылатпайық!» - Соңғы деректер бойынша, бүгінгі күні ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 35 мыңға жуық. (34 785 адам). Оның ішінде, 12 жарым мыңнан астам бала (12 679 бала) – тұл жетім. Алайда жетімдердің басым бөлігін ата-анасы бас тартқан сәбилер, тастандылар және әкесі мен анасы сот тәртібімен ата-ана құқығынан айырылған балалар құрайды.
«“Ешқашан атақ-даңқ қуған емеспін”» - Кәмшат Дөненбаеваның есімі барша жұртшылыққа кеңінен танымал. Өйткені аяулы апамыз Қостанай облысы Меңдіқара ауданы бұрынғы «Харьков» кеңшарында механизатор болып жүргенде Еңбек Ері атанған.
ZHEBE.COM. «Ипотека машақатынан қалай құтылуға болады?» - Тұрғын үй мәселесін банк ипотекасымен ғана шешіп отырған қазақстандықтар – жалпы тұрғындардың 65-70 %-ын құрайды. Бұл цифр жыл санап өсіп келеді. Айталық, бір жылдың ішінде жалпы ипотекалық несие ауқымы 11,5 %-ға артса, ал, оны төлей алмай қарызға батқандар 10,9 %-ға жеткен.