Атырау, 5 желтоқсан 17:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысында 50 мың тонна​ көкөніс дайындалады

432 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысында егін өнімдерін жинау науқаны жалғасуда. Бүгінде 120 мың тоннасы алынған,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Азат Қапановтың айтуынша, әзірге ауа райының қолайлығынан жұмыс қарқыны жақсы жүріп жатыр: "Бүгінде егін жинау маусымының 70%-ы аяқталды. Ендігі жұмыс қазан-қараша айларында толық бітеді. Жергілікті шаруалар алдымен облыс халқын толықтай қамтамасыз етіп, кейін басқа өңірлерге жеткізеді" .

2025-2026 жылдарға тұрақтандыру қорымен әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне кіретін өнімдердің бағасын реттеу мақсатында маусымаралық кезеңге келісім шарт жасақталған. Соған сәйкес картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз дақылдарының көлемі елу мың тоннаға жетсе, облыс халқынның қажеттілігі толық орындалады деп жоспарланып отыр. 


26 қыркүйек, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.