Атырау, 5 желтоқсан 17:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда студент қыз қатарласын ұрып-соққаннан кейін Бейімдеу орталығына жіберілді

573 рет қаралды
Видеодан скриншот

Атырауда қызды ұрып-соққан видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Кадрларда бір қыз екінші қызды жерге құлатып, беті мен ішінен соққылап, содан соң бірнеше рет басынан тепкені көрінеді. Жәбірленуші қыз қарсылық көрсетпейді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға колледж студенттері арасында болған. Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Қыздардың нақты қай колледжде оқитыны айтылмаған.

Оқиғаға қатысушының барлығы профилактикалық есепке алынады, ал материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберіледі. Жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Полиция оқиғаны телефонға түсіріп, видеоны таратып, бірақ хабарламаған және төбелесті тоқтатуға тырыспаған жасөспірімнің әрекеті де заң тұрғысынан бағаланатынын атап өтті.

«Ата-аналарды балалардың бос уақытын және мінез-құлқын қатаң бақылауға шақырамыз. Немқұрайлық пен әрекетсіздік құқық бұзушылықтар мен трагедияларға әкеледі», — деді ведомство.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қатысушылардың сөзінше, оқиға 20 қыркүйек күні болған.

Айнұр САПАРОВА

25 қыркүйек, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.