
Атырауда ҰҚК қызметкері ұсталғаны ресми расталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
— Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, — деді ведомствоның баспасөз қызметі басқа мәлімет беруден бас тартып.
«Ақ Жайық» тілшісі жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін Атырау облыстық полиция департаментіне де жүгінді. Бірақ ол жақтағылар ақпарат берудің қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабымен шектелетінін, мәлімет тек прокуратураның келісімімен жария етілетінін атап өтті.
Алған ресми жауапта:
— Сотқа дейінгі тергеу деректері жарияланбайды. Оларды прокурордың рұқсатымен ғана, тергеу мүддесіне қайшы келмейтін көлемде жариялауға болады, — делінген.
Атырау облыстық прокуратурасы мақала жарияланған уақытқа дейін жауап бермеді. Облыс прокурорының бірінші орынбасары журналистердің сауалын ҰҚК департаментіне жолдаған. Енді аталған департамент басшысының бірінші орынбасары А.Мұқашевтан ресми түсініктеме күтіп отырмыз.
Еске сала кетейік, бұған дейін 32 жастағы жедел уәкілді есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстағаны хабарланған еді. Тінту кезінде оның қалтасынан және көлігінен салмағы бір килограмнан асатын ұнтақ тәрізді зат табылған.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +3