
14 қыркүйекте Еркінқала ауылында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Атырау облыстық ҰҚК департаментінің 32 жастағы жедел уәкілін ұстады.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол Жайық өзенінің жағасына жақын жерде тоқтатылған, ол жерде есірткі жасыруға тырысқан деп болжануда.
Жеке тінту кезінде шамамен 1 кг салмақтағы ұнтақ тәрізді, ерекше иісі бар ақ зат табылды. Сараптама үшін қолдан, тырнақ астынан және киім қалталарынан да сынамалар алынған.
Бастапқыда қылмыстық іс ҚР ҚК 296-бап, 2-бөлік («Есірткілерді заңсыз сақтау») бойынша тіркелген, кейін 4-бөлік («Ірі мөлшерде сақтау») бойынша қайта сараланды.
Сол күні полицейлер ұсталған қызметкерге тиесілі Hyundai Sonata автокөлігін тексеріп, жүксалғышынан ақ және сары түсті ұнтақ тәрізді заттардан екі пакет (әрқайсысы кемінде 100 грамм) тапты.
Оқиғаның ауқымы мен резонансына қарамастан, Атырау облысының прокуратурасы мен өңірдің полиция департаменті екі күннен бері үнсіз отыр.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +3