Атырау, 24 желтоқсан 00:14
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Билік тиімсіз КМК-лерді жеке меншікке бермек

3 079 просмотра

Билік бюджет қаржыларын үнемдеу мақсатында мемлекеттік кәсіпорындарды «оңтайландыруды» қолға алуда. Тиімсіз КМК-дың әжептәуір бөлігін жеке қолға беру ұйғарылды.

Облыстық әкімдікте өткен кеңесте облыстық бас қаржыгері Бауыржан ЖАНТЕМІРОВТІҢ айтуынша,  өткен жылды тек 7 КМК мен мемлекеттік қатысы бар 5 ЖШС ғана 110 млн. теңге табыспен аяқтаған. Оның 5 миллионы бюджеттің табыс бөлігіне түсті.

Тиімсіз кәсіпорындар қатарында өткен жылды әжептәуір қаржылық шығындармен (жалпы сомасы 251 млн. теңге) аяқтаған 10 кәсіпорын мен бір ЖШС бар. Олардың арасында «Атырау Ақпарат» КМК (-90 млн. теңге), «Қала көркемдеу» КМК (-30 млн.), «Тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетудің қалалық қызметі» (-266 мың.),  «Жылыой су» (-2,2 млн.), «Махамбет» кәсіпорны (-2 млн.), «Индер Келбет» (-1,1 млн.) және т.б. бар. Әлі күнге дейін жұмыс істемей тұрған «Индерводоканал» мен «Мақат автокөлік базасы» кәсіпорындары таратылмаған.

Кеңес барысында анықталғандай, жұмысы тоқтап тұрған кәсіпорындарды жеке қолға беру мәселесі «Арнаулы автобаза» КМК секілді әзірге бөгеліңкіреп тұр (суретте). Ал бұрынғы коммуналдық меншік тез сатылып кеткен. Б.Жантеміровтің айтуынша, аукцион барысында 45 бірлік автокөлік, 7 жылжымайтын мүлік нысаны сатылған. Бұларды сатқаннан бюджетке 232 млн. теңге түскен. Уақытша пайдаланылмайтын коммуналдық меншіктің 536 нысанын жалға бергеннен түскен бюджет кірісі 99 млн. теңге құраған.

Облыстың бас қаржыгері баланста ұстаушылардың коммуналдық меншік нысандарын жеке тұлғаларға тиесілі құжаттарды рәсімдемей жалға берген фактілерін атады. Мәселен, қаладағы ведомоствоға қарасты емханалардың біріндегі учаскеден кәсіпкер ешқандай жерді жалға алу келісім-шартынсыз жазғы кафе ашқан. Осындай фактілер Құрманғазы мен Исатай аудандарында орын алған.  

Б.Жантеміровтің айтуынша, оңтайландыру 23 коммуналдық кәсіпорындарға қатысты болмақ. Жоспарланған үнем – 35 млн. теңге шамасында.  

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

27 сәуір 2011, 19:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.