Атырау, 5 желтоқсан 18:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Су ішкен мал құлап жатыр: Ақкиізтоғай тұрғындары дабыл қақты

Бейнежазба
559 рет қаралды

"АЖ" редакциясына Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылының тұрғындары хабарласып, белгісіз індеттен ірі қара малы өліп жатқанын хабарлады. 

- Ауылдан 7-8 шақырым жерде Бақашы бөгетінің бойында мал өліп жатыр. Құрсай өзегіне шлюз орнату үшін Бақашы бойын құрғату жұмыстары жүріп жатыр. Сол жердегі суат Жем өзенінен уақытша құбыр арқылы сумен толықтырылып тұр. Сол суды ішкеннен кейін мал жүре алмай құлап, көп ұзамай өліп жатыр, - дейді дабыл қаққан Темірхан ТҰРЛАШЕВ

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, он бес шақты ірі қара мал өлген. Олар малды сойып қарағанда ішкі құрылысының жарамсызданып іріп кеткен дейді.  

- Мал өліп жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Аудандағы қоғамдық Кеңес мүшелері, мердігер, басқа да мекеме өкілдері шақырылып жиылыс өткіздік. Әзірге анығы сегіз ірі қара өлгені анықталды, - дейді аудан әкімінің орынбасары Аманжол АЙДАШЕВ

Ветеринария станциясының басшысы Нұрболат Өрбісінов өлген жануарлардың біреуінің іші жарылғанын нақтылады: инфекциялық аурулардың белгілері анықталған жоқ, алдын ала диагноз – улану. Нақты диагнозды анықтау үшін патологиялық материалдар мен су сынамасы облысқа зерттеуге жіберілді.

Ал тұрғындар күн санап, мал басын санап жүр. Әр малдың басы кеткен сайын шенеуніктер әлі жауабын бермеген сұрақтарды көбейтіп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 қыркүйек, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.