
20-21 қыркүйекте Астанада облыстық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оған 50 мыңнан астам адам келді.
Шара ауқымды әрі қызықты болды: Атырау мен Абай облыстарынан 200-ден астам өндіруші қатысып, фермерлердің тауарларын тікелей сатып алу мүмкіндігі берілді. Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының аумағында ұйымдастырылды.
Қатысушылар ет, балық, сүт өнімдері, азық-түлік, жаңа піскен көкөніс пен жеміс, бал сияқты тауарларды сатып алды. Жалпы 400 тонна өнім, оның ішінде: 140 тонна ет және ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс, 70 тонна бал, 50 тонна бақшалық өнімдер, 25 тонна балық, 15 тонна сүт өнімдері сатылды.
Бұл шара қала тұрғындарына сапалы азық-түлік алу мүмкіндігін беріп қана қоймай, отандық өндірушілерді қолдауға да көмектесті.

Сонымен қатар, Атырау мен Абай облысының шығармашылық топтары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жәрмеңкеге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
В Атырау +2