Атырау, 5 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ржев түбінде қаза тапқан жерлесіміздің сүйегі табылды

Сурет
791 рет қаралды
Ржевтегі Кеңес сарбазына арналған мемориал

Тверь облысында, Ұлы Отан соғысының қанды шайқастары өткен жерлерде, іздеушілер Гурьев облысы (қазіргі Атырау облысы) тумасының сүйегін тапты.

Қыркүйек айының басында Тверь облысында (бұрынғы Калинин облысы) «Ржев. Калинин майданы-2025» атты Халықаралық экспедиция өтті. Бұған Ресей мен Беларусьтен 200-ден астам іздеуші қатысып, Мәскеуден солтүстік-батысқа қарай неміс әскерлерінің шабуылын тежеп қаза болған 264 Қызыл әскер сарбазы мен офицерлерінің сүйегін тапты.

Экспедицияға қатысушылар 28 әскери медальон да тапқан, олардың ішінде 19 сарбаздың есімін анықтау мүмкін болды. Солардың бірі – Мухаметдеев Измухалид, 1913 жылы туған, Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Урпинск ауылдық округінде тұрған (қазіргі Исатай ауданы, Атырау облысы - авт.).

Ол Новобогат аудандық әскери комиссариаты арқылы майданға шақырылып, 114-бөлек атқыштар бригадасында қызмет еткен.

«Калининский фронт» әскери-тарихи қоғамының ВКонтакте парақшасынан алынған суреттер

«Память народа» деректер базасында қосыша ақпарат табылды: Мухаметдеев Измұхамед (аты дұрыс жазылған - авт.), партияға мүше болмаған, әйелі – Мухаметдиева Калеш. Қаза болған, бастапқы жерленген жері Калинин облысы, Зубцов ауданы, Бельково деревнясының маңы деп көрсетілген.

«Память народа» сайтындағы құжат

Айта кетерлігі, ауылдық кеңес атауында қате болуы мүмкін. Дұрысы Орда (Урдинский) шығар.

Қызыләскер Мухаметдеевтің ұрпақтары, хабарласыңыздар!

Лев ГУЗИКОВ

19 қыркүйек, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.