Атырау, 5 желтоқсан 09:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда құрылыс басқармасы бастығының орынбасары ұсталды

693 рет қаралды
Әлеуметтік желіден алынған сурет

Атырауда облыстық ҰҚКД қызметкерлері Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 33 жастағы орынбасары Талғат Бисенді ұстады.

«Ақ Жайыққа» белгілі болғандай, шенеунік кеше Құрманғазы ауданынан іссапардан оралған кезде, облыс әкімдігінің ғимаратында ұсталған.

Талғат Бисен, видеодан стоп-кадр

Дереккөздер мәліметі бойынша, оған мердігер ұйымның басшысынан пара алу күдігі бойынша айып тағылған. Қазіргі уақытта оған ҚР ҚК 367-бабы («Пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал ақша берген ЖШС басшысы ҚР ҚК 366-бабы («Пара беру») бойынша жауапқа тартылады. Мердігер компанияның кеңсесінде және облыс әкімдігі ғимаратында тінту жүргізілген.

Қазіргі уақытта шенеунік басқа жақақ кетпеу туралы қолхатпен босатылған, алайда тергеу бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны қамауға алу туралы өтініш жасамақ. 

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айгүл МАНСУРОВА

12 қыркүйек, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.