Атырау, 5 желтоқсан 10:24
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда адвокатсыз тінту ​жүргізілді: шағым Бас прокуратураға жетті

1 003 рет қаралды
Сурет ChatGPT-те жасалды

11 қыркүйек күні ҰҚК департаменті қызметкерлері ЖШС кеңсесінде тінту жүргізген. Алайда компания басшысының адвокаты қорғалушысына кіре алмаған. Құқық қорғаушының айтуынша, ол қажетті құжаттарын көрсеткенімен, оны ішке кіргізбеген.

Адвокат Тілек Хамитовтың сөзінше, оған Тергеу басқармасының бастығы Н. Бисенғалиев пен тергеуші Д. Қашым рұқсат бермеген. Оның айтуынша, ғимараттың кіреберісінде арнайы жасақ тұрған, ал фирма қызметкерлері төрт сағаттан астам уақыт бойы іште ұсталған.

– Маған: "егер кеңсеге кіруге әрекет жасасаң, қару қолданылады" деп ашық айтты, – деді Хамитов.

Ол облыстық прокуратураның кезекші прокуроры да оның шағымына ешқандай шара қолданбағанын айтты. Соның салдарынан адвокат тінту аяқталғанға дейін қорғалушысына кіре алмаған. Оның пікірінше, бұл – Конституцияда кепілдік берілген қорғану құқығын өрескел бұзу.

Тлек Хамитов осы жағдайға байланысты ҚР Бас прокуратурасына, Мәжіліс депутаты Абзал Құспанға және Республикалық адвокаттар алқасына шағым түсірді. Ол аталған органдардан өзінің кәсіби құқықтарын да, қорғауындағы адамның құқықтарын да қорғауды талап етті.

Айнұр САПАРОВА

12 қыркүйек, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.