Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау кардиоорталығы: жыл басынан бері 2 350 адамның жүрегіне ота жасалды

Бейнежазба
536 рет қаралды

Жыл басынан бері Атырау облыстық Кардиология орталығында 2 350 операциялық ем-шара орындалды. Оның ішінде 1 206 жағдайда диагностикалық операция, 227 операция ашық жүрекке жасалды, ал 937 жағдайда жоғары технологиялы, аз инвазивті оталар орындалды. 

Орталықтың кардиохирургі Асылбек Қонысовтың айтуынша, жүрек ауруларының алдын алуда профилактика ерекше маңызды. Әр азамат жергілікті учаскелік дәрігерге қаралып, кардиолог кеңесін алып, қажетті анализдерін дер кезінде тапсырып жүргені жөн.

Мамандардың сөзінше, шағын тіліктен жасалатын операциялар да ашық жүрекке істелетін күрделі оталармен бірдей маңызды саналады. Бұл әдіс науқастың тез сауығып, қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік береді. Бүгінде Атырау облысында жүрек-қан тамыр ауруларына шалдыққан жандарды заманауи емдеуге толық жағдай жасалған.

9 қыркүйек, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.