Атырау, 5 желтоқсан 21:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құрманғазы ауданында төтенше жағдай жарияланды: өзендер таязданып барады

661 рет қаралды
Көрнекі сурет

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ТЖ гидрологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты енгізілген.

Қиғаш пен Шарон өзендері, олардың арналары мен Каспийге баратын учаскелер таяздап барады. Бұл барлығына кері әсерін тигізуде: балық уылдырық шашуға көтеріле алмайды, шекарашылар мен балықшылардың қайықтары қайраңға тіреліп қалады, шаруашылықтар құрғап қалған каналдар мен жайылымдарға шағымдануда. Жыл өткен сайын кәсіпшлікпен балық аулау қиындап барады, ауданға балық шаруашылығы компанияларынан көптеген арыз-шағым түсуде.

Салдарымен күресу үшін әкімдік жанынан әкім орынбасары М. Хасанов жетекшілік ететін жедел штаб құрылды. Іс-шаралар жоспары бекітіліп, қажетті техникалық және қаржылық есеп жүргізілуде.

Тағы да арнаны тереңдету

Билік негізгі шешім ретінде өзен арналары мен каналдарды тереңдетуді ұсынып отыр. Қиғаш пен Шарон өзендерінің балық жүретін жолдары, сондай-ақ Жарқосын және Ганюшкин каналдарын тазарту жоспарланған. Ресми мәлімдемелерге сәйкес, бұл шаралар балықтың өтуіне және кемелердің қозғалысына жол ашып қана қоймай, көктемгі тасқын қаупін де азайтуы тиіс.

Алайда мұндай уәделер бұған дейін де айтылған. 2017–2019 жылдары Қиғаштың бір бөлігі «Павлодар өзен порты» арқылы тереңдетілген еді. 2022 жылы «СТРОЙ-ТЕХ» компаниясы да жұмысқа қосылды, бірақ жоспарланған 99 шақырымның тек 77 шақырымы ғана аяқталды. Ал үшінші кезең – ұзындығы 240 шақырымнан асатын, құны 15 млрд теңгелік жоба – әлі іске асқан жоқ.

Қазір бұл шаралар тағы да төтенше жағдайды жою жоспарына енгізілді. Режим резервтік қорларды пайдалануға және рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бірақ жергілікті халық үшін бұл жағдай баяғыдан күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып кеткен, билік тек оны ресми түрде мойындап отыр.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА 

5 қыркүйек, 23:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.