Атырау, 8 қазан 04:30
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Сәбилерге арналған нөмір

2 652 просмотра

Туу туралы куәліктерінде жеке идентификациялық нөмірлері (ЖИН) көрсетілмеген балалардың ата-аналары кәмелетке толмаған балалардың құжаттарына арнайы қосымша парақ ала алады.

Өткен аптада Атырау қаласының әділет басқармасы балалардың туу туралы куәліктеріне арнайы қосымша ЖИН парағын беруге кірісті. А-5 форматындағы осы парақ куәлікке салынады. «ЖИН көрсетілген туу туралы куәліктің 2008-ші жылдан кейін беріле бастағаны белгілі. Ал 1995-2007 жылдар аралығында дүниеге келген балалардың куәліктерінде ЖИН көрсетілмеген. Келесі жылы түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу кезінде ЖИН міндетті түрде қажет болады. Сондықтан мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және т.б. байланысты әлеуметтік жәрдемақы алатын балалардың ата-аналары бұл жөнінде алдын ала қамданып, қосымша парақты алулары тиіс», - дейді Атырау қалалық әділет басқармасы бастығының орынбасары Әлібек АХАНОВ.

Қосымша парақты алу үшін сәбидің ата-аналары немесе заңды өкілдері халыққа қызмет көрсету орталықтарына хабарласулары тиіс.  Өздерімен бірге жеке бас куәліктері, тұрғылықты мекен-жайы бойынша сәбидің тіркелгендігін растайтын азаматтарды тіркеу кітабы мен сәбидің туу туралы куәлігі болуы керек. Бұл қызмет түрі тегін. Куәліктің қосымша парағы өтініш жазылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде беріледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 сәуір 2011, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.