Атырау, 5 желтоқсан 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тайманов көшесіндегі көпірде жөндеу жұмыстары басталып, көлік кептелісі түзілді

589 рет қаралды

Бастапқы сағаттардан-ақ жүргізушілер кептелісті сезінді.

3 қыркүйекте кешкісін көпірдің бір жағы толық жабылды. Жөндеушілер ескі асфальт қабатын алып, оның орнына берік жаңа қабат төсеп жатыр. Жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы – 1,2 километр. Жұмысқа шамамен 20 адам және оннан астам арнайы техника жұмылдырылған. Тек асфальт жамылғысын жаңарту ғана емес, металл қоршаулар мен су бұру науаларын ауыстыру да жоспарланған.

Көлік қозғалысы патрульдік полиция арқылы реттеліп жатыр. Жүк көліктеріне Атырау–Индер бағытындағы айналма жол ұсынылған.

Әрине, бұл жұмыстар қозғалыс кептелісін тудырады. Жүргізушілер таңғы кептелістер бұрынғыдан да ұзаққа созылып кеткенін атап отыр. 

«Жөндеу қажет-ақ, бірақ, қозғалыс көп болатын кезде басталыпты», — деп қынжылыс білдіреді көлік иелері.

Әкімдік тұрғындар мен қала қонақтарынан түсіністікпен қарауды сұрайды: уақытша қолайсыздық болмай, көпірді жаңарту мүмкін емес.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

5 қыркүйек, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.