Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп Пентагонның тарихи атауын қайтармақ

487 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Қорғаныс министрлігін «Соғыс министрлігі» деп қайта атау процесін бастайтын жарлыққа қол қоюға дайындалып жатыр, деп хабарлады АА Ақ Үйдің жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, президент ведомствоның атауын Конгресс заң арқылы өзгерткен жағдайда ғана өзгерте алады. Алайда Трамптың жарлығы барлық қажетті рәсімдерді бастайды, ал Пентагон осы қадамға дайындалуы тиіс болады.

Ақ Үйдің күнделікті баспасөз бағдарламасында айтылғандай, Трамп жұма күні түсте мәлімдеме жасайды, бірақ оның тақырыбы әзірге жарияланбаған.

Еске салсақ, АҚШ-тың Соғыс министрлігі 1789 жылы, Конституция күшіне енген уақытта құрылған. 1947 жылы, Екінші дүниежүзілік соғыстан екі жыл өткен соң, Конгрестің шешімі бойынша ол Қорғаныс министрлігі деп қайта аталған.

5 қыркүйек, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.