Атырау, 2 мамыр 11:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен Жылыой ауданының тұрғыны ұсталды

Бейнежазба
918 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz

Атырау облысы полиция депараменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2025" жедел профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағындағы көшелердің бірінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 37 жастағы Жылыой ауданының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz. 

Күдіктінің жеке басын және жалдамалы пәтерін тексеру кезінде әрқайсысы 0, 75 граммды құрайтын ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 45 орама табылды. Сондай-ақ өзінің көрсетуімен жасырылған 5 орама тәркіленді. Алынған заттар салмағы 38, 7 грамм болатын "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі заты екені анықталды. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297 – бабы 3 – бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚПК 128-бабы бойынша қамауға алынды.

4 қыркүйек 2025, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.