
Атырау облысы «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы Әбілмансұр Құрмет Болгарияда өткен Информатикадан IX Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Қазақстандық құрама команда командалық есеп бойынша қола медаль иеленді.
29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Шумен қаласында өткен додаға 24 мемлекеттен 100-ден аса оқушы қатысып, бағдарламалау және алгоритмдік есептерді шешу бойынша бақ сынасты. Қазақстан үшін бұл дода зор жетістікпен аяқталды: Әбілмансұр күміс жүлдені қанжығасына байласа, командалық нәтиже елдің интеллектуалды спорттағы позициясын нығайтты.

Айта кету керек, Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) – жас программистер үшін Халықаралық информатика олимпиадасына (IOI) іріктеу алаңы әрі кәсіби даму жолындағы маңызды қадам болып саналады.
Сондықтан атыраулық оқушының медалі тек әдемі сыйлық қана емес, Қазақстанның жас IT мамандарының болашағы үшін маңызды жетістік болып саналады. Қазақстанның жас IT мамандары Еуропадағы ең мықтылар деңгейіне жиі шығып жүр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +2