Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

700 мың еуро тұратын элиталық яхта суға түсірілгеннен кейін бірден суға батып кетті

504 рет қаралды

Түркияның солтүстігіндегі Зонгулдак қаласының жағалауында қызық әрі қауіпті оқиға болды: құны шамамен £700 мың (400 миллион теңгеден астам) тұратын 30 метрлік Dolce Vento яхтасы теңізге бірінші рет шыққаннан кейін 15 минуттан соң суға батып кетті.

Куәгерлердің видеожазбаларынан көрініп тұрғандай, яхтаны іске қосу басында еш қиындықсыз өтті, алайда көп ұзамай корпус қисая бастады да кеме тез арада аударылып кетті. Бортта яхтаның иесі, капитан және экипаждың екі мүшесі болды. Бағына орай, ешкім зардап шеккен жоқ: бәрі жағаға жүзіп шықты. 

Осы жағдайдан кейін оқиға орнына жағалау күзеті мен құтқарушылар жетіп, қауіпсіздік периметрін орнатып, кемені көтеру жұмыстарын бастады.

Яхта иесі оны бірнеше күн бұрын ғана Стамбулдағы Med Yilmaz Shipyard верфінен алған. Апаттың себептері әлі ресми түрде аталған жоқ. Сарапшылар трагедия корпус тұрақтылығын есептеу кезінде кеткен қателіктерден болуы мүмкін деп болжайды.


4 қыркүйек, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.