Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ЕК Оңтүстік Америка елдерімен саудада тарифтерді төмендету туралы келісімге қол қойды

416 рет қаралды

Еуропалық комиссия (ЕК) Оңтүстік Америкалық кедендік одақ MERCOSUR-пен сауда келісіміне қол қойды. Келіссөздер 1999 жылдан бері жүргізіліп келгені хабарланды. Сонымен қатар, ЕК Мексикамен де сауда келісіміне қол қойған, деп хабарлады Коммерсантъ.

Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен бұл келісімдерді «тарихи» деп сипаттап, Еуропалық Одақ сауда қатынастарын әртараптандыруға күш салатынын атап өтті.

Қол қойылған келісімге сәйкес, MERCOSUR елдері ЕО-дан келетін импортқа, соның ішінде автокөлік, техника және фармацевтикалық өнімдерге 91%-ға дейінгі тарифтерді біртіндеп алып тастайды. Ал өз кезегінде олар ауыл шаруашылық өнімдерін ЕО нарығына тиімдірек шарттармен экспорттай алады.

Келісім күшіне ену үшін ЕО-ның 27 елінен кемінде 15 мемлекет оны ратификациялауы тиіс. Франция үкіметі қарсы екенін білдіргенімен, ЕК «ЕО ауыл шаруашылығы секторы тарифтер мен шығындардың төмендеуінен бірден пайда алады» деп отыр.

MERCOSUR құрамына Бразилия, Аргентина, Боливия, Парагвай және Уругвай кіреді. Биыл шілде айында одақ Еуропалық еркін сауда қауымдастығымен (EFTA) сауда келісіміне қол қойған, оның құрамына ЕО-ға кірмейтін Швейцария, Норвегия, Лихтенштейн және Исландия елдері кіреді.

4 қыркүйек, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.