
АҚШ-та федералдық сот Дональд Трамп әкімшілігінің Гарвард университетіне гранттарды тоқтату туралы шешімін конституцияға қайшы деп таныды, деп хабарлайды АА.
Американдық БАҚ хабарлауынша, Бостон округтік сотының судьясы Эллисон Берроуз Гарвард пен оның қызметкерлері Трамптың указына қарсы берген талап арыз бойынша 84 беттен тұратын шешім шығарды.
Сот құжатында указ «пікір білдіру еркіндігі» сияқты конституциялық құқықты бұзатыны атап өтіліп, университетке гранттарды қайтару міндеттелді.
Берроуз судьясы атап өткендей, Трамп әкімшілігі қаржыны тоқтату туралы шешімді Гарвардтың антисемитизмге қарсы жеткілікті шара қолданбауы себеп болды деп түсіндірген. Бірақ сотта көрсетілген әкімшілік жазбаларға сәйкес, Трамп антисемитизмді тек «маска» ретінде пайдаланып, елдің ең ірі университеттерінің біріне идеологиялық шабуыл жасаған.
Бұрын федералдық үкімет Гарвардты қоса алғанда бірнеше университеттің қаржысын тоқтатыруға қауіп төндірген. Себеп ретінде университеттердің Палестинаға қолдау көрсеткен наразылықтары мен әртүрлілік, теңдік пен инклюзивтілік бағдарламалары көрсетілген.
Осы кезеңде АҚШ Құқық қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Білім министрлігі және Жалпы қызмет көрсету басқармасы (GSA) «Антисемитизмге қарсы мақсатты топты» құрған.
Трамп әкімшілігі Гарвардқа 2,2 млрд доллар грант пен 60 млн доллар келісімшартты тоқтату туралы шешім қабылдаған. Университет бұл шешімді заңсыз деп тауып, қаржыны қайта ашу үшін сотқа жүгінген.
В Атырау +4