Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Рекордтық өндіріс пенжаңа қуат: Қазақстенның мұнай-газ секторы қарқын алды

581 рет қаралды

Қазақстан мұнай-газ саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде орнын нығайтып келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елде 87 млн тонна мұнай өндірілді. 2025 жылы бұл көрсеткішті арттырып, 96 млн тонна мұнай мен газ конденсат өндіру жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа Теңіз кен орнын кеңейту, сондай-ақ Қарашығанақ пен Қашаған жобаларын дамыту арқылы қол жеткізілмек, деп хабарлайды Kazenergy.

Алдағы жылдары Қазақстан алғаш рет жылына 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруі мүмкін. Бұл – саланың тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды.

Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025–2040 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Құжатқа сәйкес, мұнай өңдеу зауыттарының қуаты 18 млн тоннадан 29 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл елдің отын қауіпсіздігін күшейтіп, ішкі нарық сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  • Бензин өндірісі 8 млн тоннадан асады
  • К5+ экокласты дизель отыны – 9 млн тоннадан артады
  • Авиаотын көлемі жылына 1,5 млн тоннаға дейін жетіп, екі есеге жуық өседі
4 қыркүйек, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.