Атырау, 5 желтоқсан 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құлсарыда көпірлер жөнделе бастады

Бейнежазба
484 рет қаралды

Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы екі көпірге көңіл бөлініп, күрделі жөндеуге тұрды. Жалпы Құрсай өзегі қаланың біраз бөлігінде орналасқан. Автомобиль жолының кідірісін туғызбас үшін мұнда бірнеше көпір бар. Олардың кейбірі жөндеу көрмей тозып кеткен. 

Оның үстіне өткен жылы су тасқыны кезінде "Достық" ықшам ауданындағы көпірді бұзған болатын. Биыл сол көпір қайта салынып пайдалануға берілді. 

"CRB Construction" ЖШС-і қаланың Абдрахманов және Тайманов көшесіндегі автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізу үшін жоба жасаған еді. Мемлекеттік сатып алу конкурсында мердігер мекемені анықтау жүрген еді. Нәтижесінде 363 млн теңгенің жұмысын "Марстрой" ЖШС (Абдрахманов көшесіндегі көпір), 322 млн теңгеге "ҚұрылысТайм Контракт" ЖШС (Тайманов) жеңіп алды. 

Жоба бойынша құрылыс жұмыстарының ұзақтығы - 4-5 ай. Бүгінде көпір жұмысында свай қадаларын орнату жүруде. 

Аудандық әкімшіліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстары бақылауға алынған. Жергілікті тұрғындар көпірлерді жаңарту көптен бері қажет екенін айтады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін өткелдер ұзақ уақыт қызмет етеді деп үміттенеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қыркүйек, 23:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.