
Атырау облысында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталуда. Облыстық патрульдік полиция қызметкерлері республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда тәулік бойы кезекшілік атқарады.
Доссор–Құлсары–Бейнеу бағытындағы республикалық маңызы бар жолда «Кибер Шериф» құрылғысының көмегімен жылдамдықты шамадан тыс асырған 150-ден астам жүргізуші тіркелді. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 және 612-баптарына сәйкес әкімшілік шара қолданылып, көліктер айып тұрағына қойылды.
Полиция департаменті жүргізушілерге жолда белгіленген жылдамдықты сақтап, қозғалыс ережелерін бұзбауды ескертеді. Қауіпсіздік шараларын орындау – жүргізушілер мен жолаушылардың өмірін сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.
В Атырау +2