Атырау, 5 желтоқсан 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құлсары лицейсіз қалды

401 рет қаралды

Бұрын Құлсарыдағы №2 «Білім инновация» лицейі бірнеше ескі ғимаратта оқитын. Қазір 270 оқушы Атырау қаласындағы Талғайран кентіндегі жаңа ғимаратқа ауыстырылды.

Жаңа ғимаратта 600 орын бар, барлық сыныптар, зертхана, асхана және спорт залы заманауи стандартқа сай жабдықталған. Шеттен келген оқушылар үшін 270 орындық жатақхана да бар. Бірақ мәселе – бұл ғимарат Құлсарыға арналмаған.

Аудан орталығында құрылыс тек мамыр айынан басталды: мердігер 300 орындық лицей ғимаратын салып жатыр және оны 2026 жылдың маусымында тапсыруға уәде беріп отыр. Сол уақытқа дейін Жылыой ауданында «Білім инновация» лицейі болмайды.

- Лицей уақытша, лайықты ғимарат болмағасын көшірілді. Түпкілікті көшті деу бекер,-дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис АЙШУАҚОВА. 

Ресми түрде уақытша болса да, мұнайлы Құлсары оқу орынсыз қалды. Балалар кемінде біре-екі жыл бойы туған жерінен 200 шақырым қашықтықтағы жерде білім алуға мәжбүр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қыркүйек, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.