
Ұзақ мерекелік демалыстан кейін мұнда нағыз қарбалас байқалады. Ауыр диагнозы бар адамдар сағаттап кішкентай жерде, тіркеу орнының алдында кезекте тұруға мәжбүр. Электронды талонның орнына қолмен жазылған нөмірі бар қағаз парақша беріледі.
Дәрігер-онкологқа қаралу үшін науқастар екі кезектен өтуі тиіс: алдымен тіркеуде талон алуып, одан кейін дәрігердің өзіне кезекке тұру қажет. Электронды кезек жүйесінің істен шығуына байланысты барлық жұмыс қағаз режимінде жүріп жатыр: тіркеу бөлімінде нөмірлерді дауыстап оқиды, содан кейін ғана науқас дәрігерге кезек күту мүмкіндігіне ие болады. Айта кетейік, мұндай жүйе табло істеп тұрған кезде де ұзақ уақыт бойы қолданыста болған. Ал онкопациенттер үшін әрбір кезек пен әрбір жоғалған минут — жай ғана қолайсыздық емес, тіршілік үшін күрес.

«Сағат 9:20-да тіркеу алдында 80 адам тұрды. Бұл жер қапырық, ыстық, отыратын орын жетіспейді. Өзіміз жағдайға қарап бағалаймыз: кімнің хәлі нашар болса, сол отырады», — дейді науқастар.
Басынан екі рет миына операция жасалған бір пациент: «Менде соңғы саты, тағы бір ота күтіп тұр. Анализдер тапсыру үшін тағы бір азап шегуге тура келеді, өз поликлиникамда да осындай жағдай. Әзер қозғаламын, сүйемелдеумен ғана жүремін. Шаршап қаламын, басым ауырады... Емханаларға барудың өзі — онсыз да әлсіз денсаулығыма ауыр сынақ болып тұр», — деп бөлісті.
Мекеме өкілдері жүйенің істен шығуын бағдарламаның жұмыс істемеуімен түсіндірді, сондықтан қабылдау қағаз түрінде жүргізіліп жатыр екен.

Диспансердің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде 5 542 онкологиялық пациент тіркеуде тұр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Суреттерді түсірген автор
В Атырау +2