
Грузия парламентінің төрағасы Шалва Папуашвили Батыс құрылымдарын елге қатысты мәселелерді грузин тарапының қатысуынсыз қарастырмауға шақырды, деп хабарлады Взгляд.
«Грузияға қатысты ешқандай мәселе Грузиясыз қаралмауы тиіс», – деді ол «Рустави-2» телеарнасына.
Брюссельдің «визасыз режимді сақтау үшін» шетелдік қаржыландырудың ашықтығы және ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы заңдарды қайтарып алуды талап етуіне пікір білдірген Папуашвили:
«Егер біреу біздің мәселемізді талқылағысы келсе, онда біздің пікірімізді сұрап, қатысуға және өз ұстанымымызды білдіруге мүмкіндік беруі керек», – деп атап өтті.
Оның айтуынша, Грузияға «тәлімгер болуға» ең көп тырысатындар – кезінде кеңестік республикалар болған Еуроодақ елдері. «Неге екені белгісіз, олар бізге демократияның, құқықтық мемлекеттің, заң үстемдігінің не екенін түсіндіруге құқымыз бар деп ойлайды. Олар мұның бәрін Грузиядан жақсы білеміз деп қайдан шықты?», – деді ол.
«Украиндар өздеріне қатысты мәселелерді оларсыз талқыламауды талап етеді, бұл Грузияға да таралуы тиіс», – деді Папуашвили.
Сондай-ақ ол түрлі рейтингтерде Грузия көптеген ЕО елдерінен озып тұрғанын, бірақ соған қарамастан олардың «ақыл үйретуге тырысатынын» айтты.
«Біздің тарихи жадымызға сүйенсек, мұндай тәсілді грузин халқы теріс қабылдайды», – деп түйіндеді ол.
Еске салайық, бір күн бұрын Грузия президенті Михаил Кавелашвили АҚШ президенті Дональд Трампқа ашық хат жолдап, оның назарын Грузияға аударуға шақырған еді. Алайда грузин сарапшысы Петрэ Мамрадзе «ренжіген Грузияның» Трампқа жазған хатының тиімділігіне күмән келтірді.
В Атырау +4