Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Вьетнам тәуелсіздігінің 80 жылдығын ауқымды парадпен атап өтті

275 рет қаралды

Социалистік Вьетнам Республикасы 2 қыркүйекте отарлық үстемдіктен азат етілуі мен тәуелсіздігін жариялауының 80 жылдығын мерекеледі. Ханойда соңғы ондаған жылдағы ең ірі әскери парад өтті, деп хабарлайды Reuters.

Ел билігі бұрын-соңды болмаған қадамға барып, 100 млн азаматының әрқайсысына 100 мың донгтан (шамамен $3,8) қаржылай төлем жасап, 13,9 мыңнан астам тұтқынды босатты.

Хабарланғандай, ел астанасының көшелерін қолдарына жалау ұстаған, көбіне қызыл жейде киген ондаған мың адам толтырды. Парадта заманауи әскери техника – танктер, зымырандар, тікұшақтар мен жойғыш ұшақтар көрсетілді. Мыңдаған вьетнамдық сарбаздармен қатар Қытай, Ресей және басқа да елдердің әскерилері сап түзеп өтті. Вьетнам флоты (негізінен фрегаттар мен сүңгуір қайықтар) бұрын кеңес әскери базасы орналасқан Камрань терең су қойнауында шеруге шықты.

«Біз Отанымыздың тәуелсіздігін, еркіндігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауда берікпіз, қасиетті жердің әрбір пұшпағына дейін қорғауға әзірміз», — деді Вьетнам Коммунистік партиясының басшысы То Лам Бадинь алаңындағы парадтың ашылуында.

Дәл осы жерде 1945 жылғы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин тарихи тәуелсіздік декларациясын жариялаған болатын. Ол кезде Тамыз төңкерісінің жеңісі, жапон оккупациясынан және Францияның жүз жылға жуық отарлық үстемдігінен азат етілу, сондай-ақ демократиялық республиканың құрылуы жарияланған еді.

2 қыркүйек, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.