
AirKz қосымшасының деректері бойынша, Загородный маңында күкіртсутектің шоғырлануы текше метріне 8,4 микрограмға, ал Восток ауданында 8,1 микрограмға жеткен. Бұдан бөлек, азот диоксидінің көлемі 54,7 микрограмға дейін көтеріліп, рұқсат етілген шектен асқан. Бұл көрсеткіштер адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін
Бұған дейін кейбір тұрғындар қалада ұзаққа созылған гуіл естілгенін айтып, оны ықтимал зиянды шығарындылармен байланыстырған болатын. Күкіртсутекке шіріген жұмыртқаның ерекше иісі тән екені және ол ұзақ әсер еткен жағдайда бас ауруын, жүрек айнуын тудыруы мүмкін екенә белгілі. Ал азот диоксиді тыныс жолдарын тітіркендіріп, әсіресе демікпесі бар және созылмалы ауруларға шалдыққан жандар үшін қауіпті.

Қала тұрғындары бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, ауаның ластану себептері мен тұрғындарды қорғау шаралары туралы құзырлы органдардан түсініктеме күтіп отыр.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +2 


