
29 тамыз күні сағат 20:00 шамасында Индер-Атырау тас жолының 49 шақырымында маркасы Toyota Camry автокөлігі мен Renault Duster автокөлігі соқтығысқан.
Салдарынан 24 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты. Екі автокөліктің 7 жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, Индер аудандық ауруханасына жеткізілді.
- Кеше ауруханаға үш бала, төрт ересек адам түсті. Бір ересек адам жеңіл дәрежелі жарақат алуына байланысты ауруханадан шығарылды. Ал үш бала облыстық балалар ауруханасына аударылды. Екі ересек адамның жарақатының орташа ауыр болуына байланысты облыстық ауруханаға жеткізіледі, - дейді Индер аудандық ауруханасының бас дәрігері Анар ДОСБАЕВА.
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +4