Атырау, 6 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда электр қуаты бәріне жетпей жүр

592 рет қаралды

Алайда Атырау облысында ресми түрде электр қуаты тапшылығы жоқ. 

Баспасөз туры барысында белгілі болғандай, облыста 97 қосалқы станция жұмыс істейді, күн сайын шамамен 1200 мегаватт электр энергиясы өндіріледі. Халыққа бұл көлем жеткілікті: тұрғындарға тек 350–400 мегаватт қажет, қалған электр қуаты ірі өндіріс нысандарына — ЖЭО, мұнай өңдеу, газ-химия зауытытары және Теңізшевройл жобаларына жұмсалады.

Апаттық жағдай туындаған кезде резервтік қуат ретінде Ресейден KEGOC арқылы қосымша 250 мегаватт алу мүмкіндігі қарастырылған. Қағаз жүзінде энергетикалық қауіпсіздік толық қамтамасыз етілген.

Алайда тұрғындар әлі күнге дейін үзіліссіз жарыққа қол жеткізе алмай жүр. Биыл жазда бұл әсіресе айқын көрініс тапты: 11 шілдеде тұрғын аудандар мен тіпті бағдаршам қиылыстарында жарық өшкен — автоматика шамадан тыс жүктелген 220 кВ желіні ажыратқан. Он күннен кейін жағдай қайталанып, 21 шілдеде Промзона, Водников және басқа аудандар жарықсыз қалды.

Облыста электр қуаты жеткілікті болса да, атыраулықтар әлі күнге дейін жарық іркілісін көріп жүр.

Айнұр САПАРОВА

29 тамыз, 19:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.