Атырау, 6 желтоқсан 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Самалда 3,7 млрд теңгеге қосалқы станция салынып жатыр

Сурет
804 рет қаралды

Самал ықшам ауданында 110/10 кВт қосалқы станциясының құрылысы жүріп жатыр. Жұмыстар өткен жылдың тамыз айында басталған, биыл қарашада бітеді деп жоспарланып отыр.

«Ақ Жайық» редакциясына пресс-тур барысында белгілі болғандай, нысанда әрқайсысы 16 МВт болатын екі трансформатор орнатылған (қосалқы станцияның жалпы қуаты – 32 МВт). Жоба құны – 3,7 млрд теңге, оның 2,9 млрд теңгесі игерілген. Қаржы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген. Мердігер – «Электромонтаж» АҚ Атырау қалалық филиалы.

Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Айдулат Кенжебековтің сөзінше, жаңа қосалқы станция Самал-1, Самал-2 ықшам аудандарын, әуежай маңын, сондай-ақ жобаланатын тұрғын үй кешендері, әлеуметтік нысандар және Сарыөзек ауылын электр қуатымен қамтиды.

«Қосалқы станция электр желілерге әсіресе, күз-қыс мезгілінде түсетін жүктемені азайтады», - дейді ол.  

Атыраулықтар қарашаны үмітпен асыға күтіп отыр.

Айнұр САПАРОВА

29 тамыз, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.