
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Shai.pro атты жасанды интеллектке негізделген жаңа корпоративтік платформаның ресми таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Shai.pro – ұйымдарға AI-экожүйе қалыптастыруға, деректердің қауіпсіздігін сақтауға, корпоративтік білімді басқаруға және қайталанатын жұмысты автоматтандыруға мүмкіндік беретін заманауи платформа. Оның базасында құрылған AI-зертхана үздік тілдік модельдерді бейімдеп, жаңа технологияларды сынақтан өткізіп, бизнеске арналған тиімді шешімдер әзірлеумен айналысады.
– Қазір университетте цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. Барлық мамандықтарға жасанды интеллект негіздері пән ретінде енгізілді. Сондай-ақ оқытушылар мен студенттер Coursera, Astana Hub және Huawei секілді халықаралық алаңдарда білім алып, тиісті сертификаттар иеленуде, – деді оқу орнының проректоры Нұркен Ахметов.
Жобаны іске асырып отырған Shai.pro командасында 50-ден астам маман еңбек етеді. Компанияға 5 жылдан асқан. Бүгінде оның Ұлыбритания, АҚШ және Сингапурде кеңселері бар. Қазақстанда жоба соңғы екі жыл ішінде табысты дамып келеді.
В Атырау +2