Атырау, 5 ақпан 02:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

Атырауда көшені жөндеу кезінде мердігер мен қадағалаушы жауапқа тартылды

722 рет қаралды

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы хабарлағандай, «Атырау қаласының Махамбет көшесі мен Азаттық көшесі (Уалиханов көшесіне дейін) жолын орташа жөндеу жұмыстары» барысында құрылыс нормаларының бұзылғаны анықталды.

Құрылыс нормаларын бұзған мердігерлерге қатысты шаралар қабылданды:

  • «Достық Спец Транс» ЖШС – құрылыс кезінде бұзушылықтар үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 312-бабы 1-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды.

  • «ИПЦ «Альянс» ЖШС – техникалық қадағалау міндетін тиісінше орындамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 317-1-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл іс-қимылдар құрылыс сапасын қамтамасыз ету және жол нысандарының стандарттарға сай жасалуын бақылау мақсатында жүргізілді.

29 тамыз 2025, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.