Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақай каналы керек пе?

358 рет қаралды

Исатай ауданындағы шамамен ұзындығы 60 км болатын Ақай каналы бүгінде құрғап жатыр. Шаруалар каналға су келсе мал саны артып, егістік егуге мүмкіндік болар дейді. 

Ақай каналының бойында Кеңестік үкімет кезінде жағасы малға толып жататын. 1996 жылы Каспий теңізі тасығанда каналдың бір бөлігін су басып, иесіз қалды. Совхоз тарағаннан кейін канал ешкімнің балансысында жоқ көрінеді. 

Бірнеше жылдан бойына су бармаған канал бүгінде құрғап жатыр. Бірақ тереңдігі жақсы сақталған. Жалпы каналдың бойында отырған оншақты шаруаның малы 15-20 км Манаштан су ішетін көрінеді. Бұл қашық, әрі тиімсіз.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде каналдың иесіз қалып, еш ведомствоның балансында жоқ екенін растады. Ал "Табиғат" КММ бұл мәселені қарастырамыз деді. 

- Каналдың бойына су келсе мал да көбейіп, егін де салар ма еді. Осы мәселені көтергенімізге біраз болды, бірақ әзірге жүзеге аспауда. Канал жақсы сақталған, оған көп те шығын кетпейді. Тек осы каналға көңіл бөлсе болды, - дейді шаруа қожалығының басшысы Жарылғас ҒҰБАШЕВ

-Егер сұраныс болса каналды қайта қазып, бойына су жіберуге болады. Ал жалпы канал бойын тазартып тереңдету үшін сметасын жасап, сараптамадан өткізіп барып қаржы сұрауға болады. Егер ауыл шаруашылығын дамытуға қажет болса мекеменің күшімен көмек ретінде келесі жылдың наурыз, сәуір айларында Ақай каналын барынша тазартып, су жіберуге жұмыстанбақпыз, - дейді "Табиғат" КМК директоры Асыланбек РЫСЖАНОВ. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 тамыз, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.