Атырау, 12 ақпан 07:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

Атыраулық азамат QazaqGaz басқармасына басшы болып тағайындалды

3 035 рет қаралды

«Самрұқ-Қазына» қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, Әлібек Жамауов ҚР Ұлттық компаниясы «QazaqGaz» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов ұлттық компания ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Жамауов бұған дейін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметін атқарған.

 Ол 1981 жылы Атырауда дүниеге келген, Сүлеймен Демирел атындағы университет пен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2005 ж. – «Agip Kazakhstan Caspian Operating» компаниясында кіші кеңесші;

2006–2009 жж. – кеңесші, супервайзер, сол компанияда;

2009–2015 жж. – «Жамбыл Петролеум» ЖШС менеджері;

2015–2019 жж. – «Жамбыл Петролеум» ЖШС атқарушы директоры;

2019–2020 жж. – «PSA» ЖШС техникалық тобының жетекшісі;

2020–2023 жж. – «PSA» ЖШС бас директордың орынбасары.

Айта кетейік, ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Санжар Жаркешов 2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін қызметке келген еді.

29 тамыз 2025, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.