Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраулық баскетболшылар халықаралық турнирде жеңіске жетті

604 рет қаралды

22–23 тамызда Атырауда «Atyrau Quest UCL 3x3» халықаралық баскетбол турнирі өтті.

«Атырау барыстары» ерлер командасы барлық қарсыластарын жеңіп, финалда белорусиялық «Шахтёрды» 22:20 есебімен ұтты. Ойыншылар Рамазан Самсин және Есет Жарқылов сәйкесінше турнирдің үздік форварды және үздік ойыншысы атанды.

Атыраулық қыздар да жоғары нәтиже көрсетті: аймақ командасы күміс медаль жеңіп алды, ал Тамилa Жакиева турнирдің үздік форварды атанды.

Жеңімпаздарды жаңа сынақ күтіп тұр: 27–28 қыркүйекте олар Шанхайда өтетін «3x3 League» финалында Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

29 тамыз, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.