Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Индерборда дауылдан кейін шатырлар мен электр желілері қалпына келтіріліп жатыр

Сурет Бейнежазба
413 рет қаралды
Табиғат апатының салдары, ашық дереккөзден алынған сурет

19 тамыз сағат 16:00 шамасында Индербор кентінде қатты жаңбыр мен екпінді желдің салдарынан кейбір ғимараттарға зақым келді.

Нұрманов көшесіндегі көпқабатты үйдің, Ш.Уәлиханов атындағы мектептің, балалар спорт залының және «Талап» базары ғимаратының шатырының бір бөлігі жерге құлап, «Ботақан» балабақшасының ойын алаңы қирады. Есбол ауылына барар жолда кей жерлерде электр бағаналары құлап қалды.

Табиғат апатының салдары, ашық дереккөзден алынған суретТабиғат апатының салдары, ашық дереккөзден алынған суретТабиғат апатының салдары, ашық дереккөзден алынған суретТабиғат апатының салдары, ашық дереккөзден алынған суретТабиғат апатының салдары, ашық дереккөзден алынған суретТабиғат апатының салдары, ашық дереккөзден алынған сурет

— Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен мамандардың қатысуымен кеңес өткізілді. «Атырау Жарық» компаниясы бағаналарды қалпына келтіреді, ал ғимараттардың шатырларын жөндеуге тиісті тапсырма берілді, — деп хабарлады аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев.

Сонымен қатар, Индер аудандық ТЖ бөлімінің құтқарушылары Ақкент көшесіндегі үйлердің бірінде сөгіліп кеткен шатырдың қауіпті бөлігін алып тастады. Зардап шеккен адам жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 тамыз, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.