Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді

389 рет қаралды

Атырауда 1 шілдеден бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы іске қосылды.  Өңірлік коммуникациялар қызметі жаңа жоба нәтижесінде балабақшаға кезек 70% қысқарды.

Бүгінде Атырау қаласындағы 171 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 47 мемлекеттік және 124 жекеменшік мекеме жаңа жүйемен жұмыс істейді. Шілде-тамыз айларында ата-аналарға барлығы 20 мыңнан астам ваучер беріліп, нәтижесінде балабақшаға кезек 17 211 баладан 5 348-ге дейін азайды.

Атырау облысы Білім беру басқарамасының бас маманы Гүлсім Ғилманованың айтуынша, биыл қадамдық жоспарға сәйкес жыл соңына дейін облыста қосымша 4 200 жаңа орын ашу жоспарланды. Оның ішінде 810 орындық 5 жаңа балабақша пайдалануға беріледі. Бұған қоса жекеменшік ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс көлемі артады. 

Сондай-ақ балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Беске дейін үлгер» және «Тілге бойлау» атты республикалық жобалар да қыркүйектен бастап облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында түгел енгізіледі.

Мамандардың айтуынша, ваучерлік қаржыландыру жүйесі Атырауда мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті арттырып, ата-аналардың ұзақ кезекте тұру мәселесін айтарлықтай жеңілдеткен.

19 тамыз, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.