Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Исатай ауданындағы мектептерге 5 мыңнан астам оқушы қабылданады

304 рет қаралды
Сурет: ӨКҚ

Исатай ауданында 2025-2026 оқу жылына дайындық жұмыстары толықтай жүргізіліп, аяқталуға жақын. Аудан көлемінде 16 жалпы білім беретін мектеп, 12 бөбекжай-бақша, 3 саз мектебі, оқушылар үйі, дене шынықтыру клубы және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жұмыс істейді. Барлық білім беру мекемелерінде жөндеу жұмыстары уақтылы жүргізіліп, оқу процесіне қажетті қауіпсіздік және техникалық құжаттар толық рәсімделген, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2025-2026 оқу жылында аудан бойынша 5403 оқушы білім алады деп күтілуде. Жаңа оқу жылына STEM, психология, инклюзия, математика және еңбек кабинеттері ашылып, кей мектептерде LED экрандар орнатылды. Бөбекжай-бақшаларда жылы еден төселіп, санитарлық талаптарға сай жөндеулер жүргізілді. Оқушылар үшін жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар сатып алынып, толық жеткізілуі қамтамасыз етілуде. 1-сыныпқа қабылдау науқаны әлі де жалғасып жатыр.

Мектепке тасымалдау 100% қамтамасыз етіліп, ауданға 4 жаңа автобус сатып алынған. Тамақтану сапасын жақсарту мақсатында мектеп асханалары жеке кәсіпкерлерге беріліп, санитарлық нормаларға сай жұмыс істейді. Сонымен қатар қосымша білім беру бағытында да жұмыстар жүріп, саз мектептері, спорт секциялары мен өнер үйірмелері оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызып отыр.

Білім сапасын арттыру үшін «Атырау жаңа мектебі», «Мақсатты 943 мектеп», «Lesson Study» жобалары жүзеге асырылуда. Мұғалімдер Финляндия мен Эстонияда тағылымдамадан өтіп, заманауи әдістемелерді меңгеруде. Қазіргі уақытта аудандық білім саласында 802 мұғалім еңбек етсе де, кей пәндер бойынша кадр тапшылығы сақталғандықтан жас мамандарды тартуға бағытталған шаралар жүргізілуде.

19 тамыз, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.