
Эстония Сыртқы істер министрлігі азаматтарын Ресейге сапар шегуден толықтай бас тартуға шақырды.
Бұл туралы «Report агенттігі хабарлайды.
«Соңғы уақытта Эстония СІМ мен Мәскеудегі елшілігіне бірнеше жағдай туралы хабарлар келіп түсті, онда эстон азаматтары ресейлік құқық қорғау органдарының бақылауына түскен. Ресейде уақытша жүрген Эстония азаматтарына елде болу қажеттілігін мұқият бағалаулары ұсынылады», — деді СІМ консулдық бөлімінің бас директоры Тийна Нирк.
СІМ сонымен қатар азаматтарға мүмкіндігінше тезірек Эстонияға оралуға кеңес береді.
Нирк атап өткендей, Ресейдегі жалғыз эстон өкілдігі Мәскеуде орналасқан, ал басқа Еуропалық Одақ елдерінің дипломатиялық миссиялары да айтарлықтай қысқартылған. Сондықтан қажет болған жағдайда консулдық көмек алу өте қиын әрі қымбатқа түсуі мүмкін.
В Атырау +4