
ҚР Туризм және спорт министрлігі Атырау облысының спорт басқармасы басшылығына кандидатураны мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.
Талқылау нәтижесі бойынша комиссия мүшелері Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ММ басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықовтың кандидатурасын мақұлдады. Үміткердің спорт саласындағы тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамыту жөніндегі көзқарасы жан-жақты бағаланып, оң шешім қабылданды.
Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал ресми тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның келісімінен кейін жүзеге асады.
В Атырау 0