
Ресейдің Рязань облысы, Шилов ауданындағы "Эластик" зауытындағы оқ-дәрі цехында болған өрт пен жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 25-ке жетті, деп хабароайлы Report.az.
Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Telegram-да мәлімдеген.
"Лесной поселкесіндегі авариялық-құтқару жұмыстарында тағы бір қаза тапқан адамның денесі табылды. Жалпы зардап шеккендердің саны – 158 адам, оның ішінде 25 адам қаза тапты," – делінген хабарламада.
Айта кетейік, оқиға 15 тамыз күні таңертең болған. Кәсіпорынның бір өндірістік цехында өрт шыққан және кейіннен жарылыс орын алған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
В Атырау +4