
Атырау облысының экология департаменті «ANACO» ЖШС-нің атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар нормасын асырғанын анықтады.
Ведомствоның хабарлауынша, әкімшілік өндірістің қорытындысы бойынша кәсіпорын кінәлі деп танылып, 897 миллион 24 мың 322 теңге көлемінде айыппұл салынды.
ANACO айыппұлды сот арқылы даулауға тырысқанымен, Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты мен қылмыстық істер жөніндегі облыстық сот алқасы шағымдарды қанағаттандырмады.
Шешім күшіне енді. Айыппұл өндірілді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау 0