
16 тамызда Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен Atyrau Jastar Fest–2025 концертінде педагогика колледжінің студенті сахнаға жүгіріп шығып, өнерпаздармен бірге суретке түспек болған.
Оқиға Belucci тобының өнер көрсетуі кезінде болды. Жас жігіттің әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағаланды. Полиция қызметкерлері оны сахнадан алып кетті.
«Азамат қоғамдық тәртіпті бұзды. Оның әрекеті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама жасалды», — деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Енді жаза белгілеу туралы шешімді сот шығарады.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау 0