Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қарашығанақтағы алтыншы компрессордың іске қосылуы жарты жылға кешігеді

338 рет қаралды

Қарашығанақ кен орнының операторы Karachaganak Petroleum Operating (KPO) конденсат өндіруді қолдау мақсатында соңғы, газды кері айдайтын алтыншы компрессорын 2026 жылдың ақпанында іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл бастапқы жоспардан жарты жылға кешігіп отыр, деп хабарлайды халықаралық Upstream мұнай-газ басылымы, деп жазады Petrocouncil.

Сонымен қатар бесінші және алтыншы компрессорлар құрылысының мердігері — қазақстандық-итальяндық бірлескен кәсіпорын KKS-Sicim екі нысанның құрылысына кеткен шығынның айтарлықтай артық бөлігі үшін өтемақы ала алмай отырғанын мәлімдеді. Бұған Республика мен KPO арасындағы шиеленіскен қатынастар себеп болып отыр. Тараптар арасындағы қарым-қатынасқа Республиканың батыс акционерлерге қойған арбитраждық талаптары мен кен орнында газ өңдеу зауыты құрылысының жүзеге аспауы да әсер етті.

2025 жылдың маусым айында KKS-Sicim қазақстандық серіктесі — «Қазкомсервис» компаниясы бірлескен кәсіпорын капиталы құрамынан шыққаннан кейін, атауын Merlion-Sicim деп өзгерткенін хабарлады. Бұған себеп — Республика тарапынан бесінші компрессор құрылысына кеткен шығындардың өтелмей қалуы.

18 тамыз, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.