Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Израиль Газа қаласын басып алу жоспарын бекітті

204 рет қаралды

Израиль Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығы Эяль Замир Газа қаласын басып алу жоспарын бекітті, деп хабарлайды АА.

Жоспарға шамамен бір миллион палестинді Газа қаласынан оңтүстікке екі апта ішінде «эвакуациялау» және кейін қалаға кезең-кезеңімен әскери операция жүргізу кіреді.

Израиль мемлекеттік KAN телеарнасының хабарлауынша, шешім әскери лауазымды тұлғалармен өткен кездесуде қабылданған. Оған тұтқындар мен із-түссіз жоғалған адамдар мәселесі үшін жауапты командир Нитзан Алон да қатысқан.

Министрліктің мақұлдауынан кейін операцияның егжей-тегжейін Израиль үкіметінің соңғы апта ішінде бекітуі күтілуде. Бастапқы кезеңде Газа қаласы қоршалып, қарқынды шабуылдарға ұшырайды, екінші кезеңде орталық аудандар мен босқындар лагерьлері де басып алынады.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль 1967–2005 жылдар аралығында Газаны басқыншылықпен ұстаған, ал қазіргі уақытта 2,4 миллион адам тұратын сектор 18 жылдан бері қатаң қоршауда тұр.

18 тамыз, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.